"target="_blank">
Qaz | Rýs | Engl

Cоңғы жаңалықтар

13:01
Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі мемлекеттік орта білім беру ұйымы басшыcының бос лауазымына КОНКУРС жариялайды
11:17
«Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қамқоршылық кеңес отырысы хаттамасы
11:17
«Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қамқоршылық кеңес отырысы хаттамасы
10:42
"Тоқсандық жинытық бағалауды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері" тақырыбында онлайн семинар өтті
16:33
Қазақстандық жастар үшін жаңа тұлға, табысты көшбасшы Ренат Бектұровтың "Адалдық сағаты" 7-11сынып аралығында 3546 оқушыға таратылып, көрсетілді
11:17
«Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымдық қызметіне конкурстық орналастыру ережесін жариялау
11:06
Талас ауданының білім бөлімі бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарлайды
18:32
О РАБОТЕ ПО ОБЕСПЕЧЕНИЮ ОРГАНИЗАЦИЙ ОБРАЗОВАНИЯ УЧЕБНИКАМИ В НОВОМ УЧЕБНОМ ГОДУ
документ
09:55
Жамбыл облысының әкімі Б.М.Сапарбаевтың өңір тұрғындарына арнаған үндеуіне Талас ауданы әкімдігінің білім бөліміне қaрасты білім мекемелерінің ардагер ұстаздары мен ата-аналарының қосқан пікірлері
документ
20:24
Жазғы демалыс 2020 жыл
11:43
Абай болыңыз, судан: оның тілсіз жау екенін естен шығармаңыз.
10:51
Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жаднама
документ
10:07
1 маусым - Балаларды қорғау күні
10:01
1 маусым - Балаларды қорғау күні
17:59
Аудандық «Үздік педагог -2020 » байқауы
17:01
Талас ауданында қашықтықтан оқыту туралы қабылданған шаралар
17:31
Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі мемлекеттік орта білім беру ұйымы басшысының бос лауазымына конкурс жариялайды
15:52
Қорытынды
12:30
Рұқсат беру
17:10
Ашык бюджет 1
Көп жаңалықтар
» » «Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі» КММ-нің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға» мемлекеттік білім беру тапсырысына конкурс жариялау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

«Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі» КММ-нің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға» мемлекеттік білім беру тапсырысына конкурс жариялау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Жаңалықтар
271
0
«Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі» КММ-нің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға» мемлекеттік білім беру тапсырысына конкурс жариялау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
Талас ауданы Қаратау қаласында 150 балаға арналған ғимаратта «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға» мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды.
Орналасқан мекен-жайы: Жамбыл облысы Талас ауданы, Қаратау қаласы Павлов көшесі №2.
Анықтама үшін байланыс телефоны: 8 (72644) 6-03-79
Мекеме қызметінің негізгі бағыты:
Білім беру қызметінің жүргізу құқығына берілетін лицензияға, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу жарғысына және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру. Педагогикалық кеңеспен бірге берілген тәртіпте оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (нормативтік, авторлық), мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын ішкі тәртіп ережелерін әзірлеуді және бекітуді ұйымдастыру. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламалары іске асыруды қамтамасыз етеді; оқыту-тәрбиелеу процесінде тәрбиеленушілер мен ұйым қызметкерлерінің өмірінің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдайлар жасайды. 
         Ұйымды басқару құрылымын анықтайды, қаржы, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымның және әдістемелік бірлестіктің қызметіне көмек көрсетеді. Тәрбиеленушілерді тамақтандыруға және оларға медициналық қызмет көрсетуге, денсаулығын сақтау мен нығайтуға қажетті жағдайларды ұйымдастырады. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымының мүліктері мен қаражатына белгіленген заңнамалық тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаржы мен оның шығысы туралы есеп береді.
         Оқу-материалдық базаны сақтау мен  нығайтуда, есаеп жүргізуді, санитарлық гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберлігін арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттесттаудан өткізеді. Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Мемлекеттік қоғамдық және басқа да ұйымдарды мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымын танытады. 
         Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымының қызметі туралы қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
         Конкурсқа қатысушыларға талап:
Балабақшаға арналған жеке ғимараттың болуы тиіс.
Кәсіби біліктілігі: «Білім туралы», «Тілдер туралы», «Бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік-құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары; педагогиканы, педагогикалық-психологияны, педагогикалық ғылыммен практикалық жетістіктерін; экономика негіздері, қаржы шаруашылық қызмет туралы заңнамаларда, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техникалық қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғаудың ерекшелігі мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін білуі тексеріледі. 
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының  ресми басылымына «Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары аудандық білім бөліміне мынадай құжаттар ұсынады.
1) Комиссия төрағасының атына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Бұйрығының  1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті; 
2) заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысын, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы;
3) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесін (жекеменшік немесе жалға алу);
4) "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15217 болып тіркелген) бекітілген "Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін;
5) медициналық кабинетке лицензиясының болуы туралы көшірмесін немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен жасалған қызмет көрсету туралы шартты;
6) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен, тек қана республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесін ұсынады. Жеткізуші Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады.
      Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысымен қол қояды, мөрімен расталады.
Растайтын құжаттар:
  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығымен бекітілген «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ережелерінің талаптарына сәйкестігі.

  2. Санитарлық ережелер бойынша материалдармен және құралдармен жабдықтаудың қажетті деңгейіне сәйкестігі.

  3. Комиссия өтініштер салынған конверттерді ашу және конкурсқа қатысушыларды, мектепке дейінгі ұйымдар тізбесін анықтайды және оны бекіту үшін 10 күнтізбелік күн ішінде конкурстың ұйымдастырушысына ұсынады.


Конкурстың өтетін күні: 2019 жылдың 18 желтоқсанында сағат 10.00де.
  1. Конкурстың өтетін орны: «Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі» КММ, Талас ауданы, Қаратау қаласы Павлов көшесі №2.
Электрондық пошта: kar-edu@mail.ru
Осы конкурсқа қатысқан тұлға үшін көтерме шығындар   төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.
Құрметті сайтқа келуші сңз тіркеуден өтрей кірдіңіз. Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 комментариев

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: